Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес трилогия алдында көз арбасты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жылдың басты жекпе-жегінің бірі саналатын салтанатты іс-шара Лас-Вегаста өтті. Қос мықты көз арбасу сәтінде бір-біріне салқын қарады.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаса, екінші жекпе-жекте ұпай санымен мексикалық үздік деп танылған еді.
«Жекпе-жек апталығы бүгін ресми түрде басталды. Дайынбыз», - деген жазба қалдырды Головкин әлеуметтік желіде.