"Сенен мықты екенімді білесің". Бразилиялық нокаутшы Әлімханұлын қыспақтап жатыр

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) қайтадан жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сенен мықты екенімді білесің". Бразилиялық нокаутшы Әлімханұлын қыспақтап жатыр
Фото: vesti.kz

2012 жылғы Олимпиаданың жүлдегері Жәнібекті WBO чемпионы атана салысымен айқасқа шақырған болатын. Әлімханұлы оған бірден жауап берді. Бірақ бразилтиялық нокаутшы қояр емес. 

Әлімханұлы өзін айқасқа шақырған нокаутшыға күттірмей жауап берді

"Маған осы мүмкіндікті бер чемпион, өзгелер сияқты болма. Мен сенен мықты екенімді білесің, қане, чемпион", - деп жазыпты Фалькао "твиттерде".