Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын таңдады

Орта салмақта WBО чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алдағы уақытқа жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын таңдады
Фото: ашық дереккөзі

Әлімханұлы америкалық Джермалл Чарлоға қарсы рингке шығып, одан WBC белбеуін тартып алғысы келетінін мәлімдеді.

Чарломен айқасып, WBC белбеуін алғым келеді. Бұл жеңіл жұмыс болады. Мен жеңіл болады десем, демек, расымен солай. Мен екі экс чемпионды (Роб Брант пен Хассан Нжикам) және жеңілмеген боксшыны (Дэнни Дигнум) нокаутқа түсіргенмін. Мен - әлем чемпионымын. Мен барлық чемпионды нокаутқа түсіремін. Келесі кім? - деп береді Жәнібектің сөзін Boxingscene.com.