Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды paryz.kz vesti.kz-ке сайтына сілтеме жасап.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді. Бұған дейін боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездескен еді. Бірінші жекпе-жекте олар тепе-тең түсті, ал екіншісінде Альварес жеңіске жетті.
"Жаттығу лагерінің жартысы өтті. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз", - деп жазды боксшы Instagram желісінде.