Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Қазақтың алыбынан жеңілген "Иран Халкы" мәлімдеме жасады

"Иран халкы" Гариби "Қазақ титаны" Алмат Жұмановтан жеңілгеннен кейін  Иран халқынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Mirror.co.uk.

Қазақтың алыбынан жеңілген "Иран Халкы" мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзі

Гариби өткен демалыста Дубайда бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жекте бірінші раундта нокаутпен Алмат Жұмановтан жеңілді. 

tornadoenergy.me
реклама
Узнать больше
"Айтарым жоқ, ұятты болдым, Иран халқынан кешірім сұраймын", - дейді Гариби. 

300 фунттық спортшының бапкері мән-жайды тарқатып айтып, Гарибиде дайындыққа тек екі апта болғанын айтады. 

"Саяд маған келмей тұрып жекпе-жек белгіленіп қойған болатын. Ол дайындалып үлгермейтінін айттым, алайда, оны біреу жаттықтыру керек еді. Ал жекпе-жектен бас тартқан жағдайда қомақты айыппұл төлеу керек болатын. 

Сондай-ақ, Саяд Тегеранға келгенде демеуші сөзінде тұрмады, қаржылай қиындыққа тап болдық. Сондықтан ол бар болғаны екі апта дайындалды. 

Қарсыласы да сол деңгейде еді, бірақ, Саяд ештеңе істей алмады, өкінішті. Болашақта бұл қателікті жуып-шаямыз деген үміттемін", - дейді маман.