27.07.2022, 17:30

Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражатымыз ел бюджетіне қайтты

https://www.azattyq.org/a/31400240.html

Сәрсенбінің жағымды жаңалығымен бөліскен Рaryz.kz https://t.me/nehabarkaz сілтеме жасайды. 

Сәрсенбінің жақсы жаңалығы: Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат ел бюджетіне қайтарылды. ⠀ Есеп комитетінің Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне жүргізген аудитінің нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды. ⠀ Сөйтіп 1,3 млрд теңге республикалық бюджетке қайтарылды. ⠀ Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасына ел атынан 95 спортшы барып, спорттың 5 түрі бойынша 8 қола медаль алған болатын. Сөйтіп, Токио олимпиадасында Қазақстан  жалпы командалық есепте 83-орын алды. Спортқа миллиардтап қаржы бөлген Қазақстан ешбір олимпиадада мұндай төмен нәтиже көрсетпеген. Кезінде сарапшылар сегіз қола Қазақстан спортының қазіргі шынайы көрінісі, сондықтан ел спортына түбегейлі реформа керек деп санаған.