Сәрсенбінің жағымды жаңалығымен бөліскен Рaryz.kz https://t.me/nehabarkaz сілтеме жасайды.
Сәрсенбінің жақсы жаңалығы: Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат ел бюджетіне қайтарылды.
⠀
Есеп комитетінің Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне жүргізген аудитінің нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды.
⠀
Сөйтіп 1,3 млрд теңге республикалық бюджетке қайтарылды.
⠀
Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасына ел атынан 95 спортшы барып, спорттың 5 түрі бойынша 8 қола медаль алған болатын. Сөйтіп, Токио олимпиадасында Қазақстан жалпы командалық есепте 83-орын алды. Спортқа миллиардтап қаржы бөлген Қазақстан ешбір олимпиадада мұндай төмен нәтиже көрсетпеген. Кезінде сарапшылар сегіз қола Қазақстан спортының қазіргі шынайы көрінісі, сондықтан ел спортына түбегейлі реформа керек деп санаған.