Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын салған Нора Джеруто – чеззе стилі (кедергілермен 3000 метрге жүгіру) бойынша маманданған жеңіл атлет. Ол биылғы жылдың басынан бастап ұлттық құрама атынан сынға түсіп жүр. Спортшының Қазақстанға қалай тап болғанын және қандай жетістіктері бар екенін жазған Рaryz.kz Ulysmedia.kz-ға сілтеме жасап.
Нора Джеруто Тануи 1995 жылы 2 қазанда дүниеге келген, 26 жаста. Қазақстан құрамасы атынан жарыстарға қатысу құқығына 2022 жылдың қаңтарында ғана қол жеткізген. Алайда ол Қазақстанда 2017 жылдан бері тұрады. Сол жылы ол Altay Athletics жеңіл атлетикалық клубы сапына қосылуға шақырту алған. Айта кетейік, клуб құрамына тағы үш Кениялық жүгіруші – Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және қазақстандық жас спортшылар Варвара Назарова мен Артур Гафнер кірді.
Нораның өзі сұхбатында клубқа шақыру алған кезде еш ойланбастан келіскенін айтқан.
Altay Athletics сияқты өршіл жобаның бір бөлшегі болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен үшін бұл үлкен қадам және мұнда спортшы ретінде дамитыныма сенімдімін. Біз жоғары нәтиже көрсетіп, клубқа пайда әкелу үшін жаттығып, дайындаламыз", – депті Нора.
Дүниежүзілік жеңіл атлетикалық Хартияның ережесіне сәйкес, жаңа азаматтық алып, басқа елдің намысын қорғау үшін спортшылар үш жыл күтуі керек.
Басқа елдердің құрамаларына мұндай "ауысулар" спортшылардың ел ішіндегі жоғары бәсекелестігіне, сондай-ақ халықаралық жарыстарда өкілдік ету лимиттеріне байланысты қалыпты жағдайға айналды.
2022 жылғы Әлем чемпионаты өткен Юджиндегі Гауһар лига кезеңінде Нора 3000 метр қашықтыққа жүрігуден әлем бойынша маусымның ең үздік нәтижесін көрсетті.
Айта кетейік, Джеруто Гауһар лигасы кезеңінде 6 рет жеңіске жетті.