"Енді менің көмектесетін кезегім": Рыбакина 1,1 млрд теңгені қайда жұмсамақшы?

Теннисші Елена Рыбакина  Умбилдондағы жеңісі үшін берілген 2 млн фунт стерлингті (шамамен 1,1 млрд теңге) қалай жұмсайтынын айтты, деп жазады  Рaryz.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

"Енді менің көмектесетін кезегім": Рыбакина 1,1 млрд теңгені қайда жұмсамақшы?

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен кездесуінде теннисші бұл қаражаттың бір бөлігін ол елімізде қайырымдылыққа және жас спортшыларды қолдауға жұмсайтынын жеткізді.

"Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім", - дейді ол.

Сондай-ақ спортшы қаражаттың тағы бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар кездесу барысында теннисші алдағы жоспары туралы да айта кетті.

"Бірнеше күннен кейін АҚШ -та өтетін турнирлерге дайындала бастаймын. Биылғы мақсат – әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат – бірінші болу. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын", - дейді Елена Рыбакина.