01.06.2022, 16:39

2 млн теңге - Қазақстандағы футболшылардың орташа жалақысы

Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов елдегі кәсіби футболшылардың орташа жалақысын атады. Бұл туралы ол Арманжан Байтасовтың ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Adyrna.kz-ке сілтеме жасап. 

 

«Қазақстандағы футболшылардың орташа жалақысы – 2 млн теңге. Алайда олардың кәсіпқой мансабының қысқа екенін ескеру керек»,– деп түсіндірді басшы.