Ол 500 метр қашықтықта мәре сызығын төртінші болып кесті.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хвандар командалық есепте бесінші орынды иеленді.
Осылайша, Әжғалиев Бейжіңдегі нәтижесі үшін 40 000 АҚШ доллар (17,1 миллион теңге) сыйақы алады. Ал қалған шорт-трекшілер 10 000 доллардан (4,1 миллион теңге) қаржы алады. Қысқы Олимпиада қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылар мен бапкерлерге 140 мың доллар (60 миллион теңгеге жуық) қаржы бөлінеді, – дейді vesti.kz.
Жалпы биылғы Олимпиадада отандастарымыз алтын алған жағдайда 250 мың доллар, күміс жүлде үшін 150 мың, қола медальға 75 мың доллар сыйақы алар еді. Сонымен қатар, төртінші, бесінші және алтыншы орын алған спортшылар – 50 мың, 10 мың және 5 мың АҚШ доллар сыйақы алады.
Атап өтсек, ел құрамасы қысқы ойындарда қоржынға бір де бір медаль сала алмады.
Қытайдағы жарыс 4-20 ақпан аралығында өтті. Еліміздің командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынады. Төртжылдықтың басты бәсекесінде 109 медаль жиынтығы сарапқа салынды.