Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні шырқалды

Бейжің Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сын бәсекесінде Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні шырқалды, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні шырқалды
Сурет: Turkystan.kz

Бірақ жарысты ол әнмен Қазақстан спортшысы емес, латвиялық Денис Васильев бастады.

Айта кетсек, Денис Васильев 1999 жылы Латвияда дүниеге келген. Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері. Латвия біріншілігінің 4 дүркін жеңімпазы және Таллинде өткен Еуропа чемпионатының қола медаль иегері.