Жетінші раундта төреші британдықтың қатты жарақат алуына байланысты жекпе-жекті тоқтатты.
Алматыда өткен MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев британдық Стивен Уордпен жекпе-жекке шықты деп хабарлайды Paryz.kz.
Sports.kz-тің жазуынша, Крузервейт дәрежесіндегі жекпе-жек бәсіне WBA Gold титулы тігілген.
Қонқабаев пен Уордтың жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ Қамшыбек мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Жетінші раундта төреші британдықтың қатты жарақат алуына байланысты жекпе-жекті тоқтатты. Бесінші раундта Уордтың нокдауны тіркелген еді.
Осылайша, Қонқабаев профи-рингтегі төртінші айқаста жеңіске жеңіп, WBA Gold белбеуінің иегері атанды, ал Стивен Уорд үшін бұл - мансабындағы екінші жеңіліс.