Футболшы Испания құрамасында 16 матч өткізіп, төрт гол соққан.
"Эспаньол", "Ливерпуль" және "Галатасарай" сапында доп тепкен Альберт Риера "Ақсу" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалуы ықтимал деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл ақпаратты футбол порталдары мен түрлі пабликтер таратып жатыр. Клубтың Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы да Испанияның туын жариялап, "Жақында. Жаңалықтарды оқи жүріңіз" деген жазба қалдырған.
Айта кетейік, Альберт Риера футболшы ретіндегі мансабын испаниялық "Мальорка" клубында бастаған. Кейін "Бордо", "Эспаньол", "Ливерпуль" мен "Галатасарай" сапында өнер көрсеткен.
Футболшы Испания құрамасында 16 матч өткізіп, төрт гол соққан. Риера мансабын аяқтағаннан сәттен бастап "Галатасарайда" бас бапкердің көмекшісі болып қызмет атқаруда.
Бүгінде футболшы жұбайымен Омбы қаласында тұрып жатыр.