"Бұл - жаңа өмір, жаңа деңгей және Олимпиада алтынына жаңа қадам..."
24 жастағы қазақстандық спортшы Ангелина Лукас кәсіпқой бокс лицензиясын алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.
Бүгін мен үшін маңызды күн! Мен кәсіпқой бокс лицензиясын алдым. Бұл жаңа өмір, жаңа деңгей және Олимпиада алтынына жаңа қадам. Және, әрине, абсолютті әлем чемпионы титулына бір қадам жақындау. Алға!
Залда 8 раунд бойынша жекпе-жек өтті. Сіздерді қуантатын боламын. Мен боксты жақсы көремін – бокс менің өмірім, - деп жазды боксшы.
Айта кетсек, Лукас кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын 26 жастағы украиналық Алена Гурьевамен (1-2, 0 КО) 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда титулдық жекпе-жекпен өтетін бокс кеші аясында өткізеді.