01.12.2021, 18:23

Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы Головкинмен жұдырықтаспақ

фото: дереккөз

Ал Головкин туралы Андраде былай дейді: "О, ол қабанмен рингке шығу құрмет болар еді. Онымен қуана-қуана жұдырықтасамын".

Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) жекпе-жекке шыққысы келетін қарсыластарды атады деп хабарлайды Paryz.kzVesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Альварес? Ақша! Қаржы, достым! Тағы не? Ол бізге сол үшін керек. Басқа топ қарсыластар? Бәрі оңай. Бір платформада екенімізді ескерсек - DAZN стримингінде, Геннадий Головкинмен әлі шыққым келеді. Ал шынына келсек (WBC чемпионы), Джермалл Чарлоға бар қысымды саламыз, - деп береді Андраде сөзін vRINGe.com. 

Бірінші кішісін Джермелл Чарлоны, сосын екіншісін сабау керек. Бұл дегеніміз екі бірдей блокбастер. Үлкенімен жекпе-жек неге әлі болмады? Өйткені ол қорыққаннан бұтына жіберіп қойды. Джермелл де жоғары салмаққа көтерілуден қорқып жүр. Ал мен солай істедім. Олар жұдырықтаспас үшін сылтау іздеуде. Сілімтіктерді қорқытып, ұзағырақ чемпион болып жүргісі келеді. Жігіттер қомақты ақша қызықтырмай ма? Титул біріктірмейміз бе. Мен - түкке тұрмайтын боксшы екенімді бәрі біледі ғой. Онда не қиындық бар?" 

Ал Головкин туралы Андраде былай дейді: "О, ол қабанмен рингке шығу құрмет болар еді. Онымен қуана-қуана жұдырықтасамын".

Еске салайық, кеше WBO ұйымы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын Андрадеге міндетті қарсылас ретінде ресми бекітті.