Пенальтилер сериясында алматылық "Қайрат" 9:8 есебімен жеңіске жетті.
Алматылық «Қайрат» қарағандылық «Шахтерді» пенальтилер сериясында ұтып, футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Финалдық кездесуде "Қайрат" пен "Шахтер" нағыз триллер сыйлады. Бірінші тайм алматылықтардың пайдасына аяқталды – 2:0, тәжірибелі Вагнер Лав дубль жасады. Дегенмен ойынның екінші бөлігінде қарағандылық "Шахтер" матчтың бағытын өзгертті – Михаил Габышев пен Мартин Тошев таразы басын теңестірді.
Бірінші қосымша таймда Идрис Умаев пенальти соқты. Бас төреші VAR әдісін қолданып, пенальти белгіледі, оны Айдос Таттыбаев сәтті орындады. Қарағаттықтардың голына алмастырылған Артур Шушеначев нәтижелі әрекетімен жауап берді. Қосымша уақыт 3:3 есебімен аяқталды.
Пенальтилер сериясында алматылық "Қайрат" 9:8 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, "Қайрат" үшін бұл кубоктағы жеңіс тарихтағы оныншы жеңіс болды. Алматылықтар өз рекордын қайта жаңартты. Финалда "Шахтердің" жеңіліс табуының арқасында ҚПЛ-2021 турнирін төртінші орынмен аяқтаған 2022 жылғы конференциялық лигаға соңғы жолдаманы петропавлдық "Қызыл-Жар" жеңіп алды.