Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін мексикалық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Хардонның есебінде 34 жеңіс бар, оның 25-і нокаутпен және жетеуі жеңіліспен аяқталған.

Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін мексикалық боксшымен жекпе-жек өткізеді
фото: ашық дереккөз

Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін мексикалық боксшымен жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық Олимпиада чемпионының қарсыласы мексикалық Данте Хардон деп хабарлайды Paryz.kz

33 жастағы Хардон, лақап аты – «Crazy». Бұл оның 2021 жылғы үшінші жекпе-жегі болмақ. Хардон өз мансабында WBC Youth (Жастар арасындағы әлем чемпионы), WBC Continental Americas, WBC International және WBO Latino белбеулеріне ие болды. Ал 2013 жылы мексикалық әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқанымен, Жапонияда жеңіл салмақтағы WBC чемпионы Такаши Миурадан жеңіліп қалды.

Vesti.kz мәліметінше, Хардонның есебінде 34 жеңіс бар, оның 25-і нокаутпен және жетеуі жеңіліспен аяқталған.