Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Джермалл Чарло – WBC белбеулеріне ие. 

Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
фото: fightnews.info

Американдық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Алайда Андраде басқа да кәсіби боскшыларды қарастыруға дайын - Гермалла Чарло (32-0, 22 КО) және Джайме Мунгия (38-0, 30 КО).

Мен тек келесі жекпе-жекті Чарло, Головкин немесе Мунгиямен өткізгенін қалаймын! - деп жазды Деметриус өзінің Twіtter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Деметриус Андраде WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Геннадий Головкин – IBF және IBO белбеулеріне, Джермалл Чарло – WBC белбеулеріне ие. Джайме Мунгияға келетін болсақ, ол әлем чемпионы болмағанымен, WBO Inter-Continental белбеуі бар.