Жақында Лукас жанжалға араласып, ұлттық құрамадағы жағдайдың нашар екенін айтып, командалас Назым Қызайбайды допинг қолданды деп айыптап, Қазақстан президентіне жүгінген болатын.
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізеді деп хабарлайды Paryz.kz, Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 51 келіге дейінгі салмақта төрт раундтық жекпе-жек өткізеді. Жақын арада Ангелинаның қарсыласы белгілі болады.
Лукасқа Instagram желісінде 555 мыңға жуық адам тіркелген және ол қазақстандық әйелдер арасындағы ең танымал боксшы.
Жақында Лукас жанжалға араласып, ұлттық құрамадағы жағдайдың нашар екенін айтып, командалас Назым Қызайбайды допинг қолданды деп айыптап, Қазақстан президентіне жүгінген болатын. Сондай-ақ, оның айтуынша, Бақтияр Артаев оны ұлттық құрамадан заңсыз шығарған. Қызайбай да өз ойын білдірді.