14.11.2021, 12:01

Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды ойсырата жеңді (ВИДЕО)

фото: дереккөз

Айта кетсек, қазақстандық ойыншыларды жеңген соң Франция құрамасы топтық кезеңде бірінші орынға шығып, мерзімнен бұрын 2022 жылғы әлем чемпионатына өтті. 

Қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны деп хабарлайды Paryz.kzSports.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты: 2005 жылы Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Түркиядан 0:6 есебімен жеңіліп қалған еді. Дәл осындай есеппен Қазақстан құрамасы 2008 жылы Ресей құрамасынан да ұтылып қалды. Ал енді отандық футболшыларды франциялық спортшылар 0:8 есебімен ойсырата жеңді. 

Айта кетсек, қазақстандық ойыншыларды жеңген соң Франция құрамасы топтық кезеңде бірінші орынға шығып, мерзімнен бұрын 2022 жылғы әлем чемпионатына өтті.