Ол жаттықтырушылар штабын қайта жасақтайды.
Дәурен Бекмұхамедов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды деп хабарлайды Paryz.kz.
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол жаттықтырушылар штабын қайта жасақтайды.
Қазіргі жағдайға Альберт Линдердің өлімі және одан кейін болған бірнеше оқиға себепші болды. Спортшылар мен жаттықтырушылардың, Альберт Линдердің туыстарының мәлімдемесі шешуші рөл атқарды.
Министрдің араласуынан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел заң бұзушылықтардың болғаны анықталды. Осыдан кейін құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов пен аға жаттықтырушы Сергей Седов қызметінен босатылды", - делінген министрлік хабарламасында.