Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Альварес Калеб Плантты нокаутқа түсіріп, абсолютті әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

12 раундқа созылған жекпе-жек аяғына дейін созылған жоқ.

Альварес Калеб Плантты нокаутқа түсіріп, абсолютті әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)
фото: fightnews.info

31 жастағы мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес супер орта салмақта сөзсіз әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Paryz.kz.

7 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында ол 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жегін өткізді. Канелоның WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері, сондай-ақ оның қарсыласынан IBF титулын иеленуіне қауіп төнді.

12 раундқа созылған жекпе-жек аяғына дейін созылған жоқ. Альварес бірінші раундта Плантқа басымдық танытты. 11-раундта ол америкалықты әуелі нокдаунға түсіріп, кейін нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Альварес қатарынан сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен алғашқы жекпе-жегін тең өткізіп, рингтен жеңіссіз кеткен болатын. Жалпы бұл мексикалықтың мансабындағы 57-ші және мерзімінен бұрын 39-шы жеңісі. Плант 21 жеңісімен мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.