Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Астана" футбол командасында легионерлер саны азаяды

Антонио Рукавина мен Кадете Лопес, жартылай қорғаушылар Педру Эуженио және Валерий Чуперка, шабуылшы Семир Смайлагич командадан кетеді. 

"Астана" футбол командасында легионерлер саны азаяды
фото: ашық дереккөз

Қазақстан премьер лигасы аяқталған соң "Астана" легионерлер санын азайтуды жоспарлаған деп хабарлайды Paryz.kzvesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Антонио Рукавина мен Кадете Лопес, жартылай қорғаушылар Педру Эуженио және Валерий Чуперка, шабуылшы Семир Смайлагич командадан кетеді. 

Сонымен қатар Жарко Томашевич, Лукаш Шимуновичтің келісімшарт уақыты аяқталған. Клуб әзірге жаңа келісімшарт ұсынбады. 

Кей легионерлермен клубтың бұрынғы басшылығы жасаған келісімшарт негізінде қоштаспақ. Бұл келісім бойынша "Астана" 2-3 айлық жалақыны төлеуі керек. 

Айта кету керек, босниялық шабуылшы Семир Смайлагич жалға берілуіне байланысты маусымның екінші кезеңін Петропавлдың "Қызыл-Жар" командасында өткізген. 

Ал Сербия құрамасының бұрынғы ойыншысы Антонио Рукавина футболдағы мансабын аяқтайтынын айтқан.