Қуат Хамитов пен Арман Әшімов бір турнирде белдеседі

Қуат Хамитов Олимпиада ойындарының қатысушысы, жастар арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы Әсет Иманбаевпен кездеседі.

Қуат Хамитов пен Арман Әшімов бір турнирде белдеседі
фото: ашық дереккөз

Қуат Хамитов пен Арман Әшімов 23 қазан Ақтөбеде еркін күрестен өтетін жарысқа қатысады. Кеше қазақстандық файтерлер Артем Резников пен Асу Алмабевтың қатысатыны туралы мәлімдеген еді деп хабарлайды Paryz.kzSports.ru-ға сілтеме жасап. 

Кейін жарысқа ММА өкілі Қуат Хамитов Олимпиада ойындарының қатысушысы, жастар арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы Әсет Иманбаевпен кездеседі. Арман Әшімов NFC чемпионы Әліби Ыдырыспен күреседі деп жоспарланған.