Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мария Агапова соңғы жеңісінен кейін жекпе-жектен шеттетілді

Мұндай шешімді Невада шатының Атлетикалық комиссиясы қабылдаған. 

Мария Агапова соңғы жеңісінен кейін жекпе-жектен шеттетілді
фото: Orda.kz

Қазақстан атынан UFC-ге шыққан алғашқы спортшы қыз Мария Агапова (10-2) "Колумбиялық патшайым" лақап атымен белгілі Сабина Мазомен (9-3) өткен жекпе-жегінен кейін спорттан уақытша шеттетілді деп хабарлайды Paryz.kz

Мұндай шешімді Невада шатының Атлетикалық комиссиясы қабылдаған. MMA Junkie ақпаратына сәйкес, Агапова кездесу барысында мұрын сүйегін зақымдап алған. Осы себепті комиссия спортшыны 180 күнге жекпе-жектен шеттеткен. Сонымен қатар Марияға 30 күн немесе дәрігердің рұқсатын алмайынша спарринг өткізуге болмайды. 

Агапованың қарсыласы Мазоға 30 күн жекпе-жек, 21 күн спарринг өткізуге тыйым салынған. 

Айта кетейік, спортшылар арасындағы кездесу UFC Fight Night 194 турнирі кезінде болған. Отандасымыз үшінші раундтың 53 секундында қарсыласын нокдаунға жіберіп, артынша қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жеткен болатын. Бұл – Агапованың UFC-дегі екінші жеңісі.