Головкиннің келесі жекпе-жегі Жапонияда өтеді деп жоспарланып отыр.
Геннадий Головкин жанкүйерлері көптен күткен мәлімдеме жасады. Боксшы рингке қайта оралу үшін дайындықты бастап кеткен деп хабарлайды Paryz.kz.
Головкин Instagram-да физикалық дайындық бойынша тренері Кристофер Камачо, ағасы Максим және боксшы Әли Ахмедов сынды командасымен түскен суретін жариялады.
Жаттығу лагеріне қайта оралған күшті. Барлықтарыңызды аман-сау көргеніме қуаныштымын, - деп жазды ол.
Головкиннің келесі жекпе-жегі Жапонияда өтеді деп жоспарланып отыр. Оның қарсыласы орта салмақтағы WBA Super әлем чемпионы, жапон боксшысы Риота Мурата болады.
GGG-дің соңғы жекпе-жегі 2020 жылдың желтоқсанында болған еді.