"Каспий" мен "Астана" футбол матчы төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

Жанкүйерлер ойыншыларға балағат сөздер айтып, алаңға бөтелкелер мен басқа заттарды лақтыра бастады.

"Каспий" мен "Астана" футбол матчы төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ақтаулық "Каспий" мен елордалық "Астана" арасындағы футбол матчы төбелес пен тәртіпсіздікпен аяқталды. Матчтан кейін түсірілген видео Sports.ru Instagram парақшасында жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz

22 қыркүйекте Қазақстан Кубогының 1/4 финалының кездесуі 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Ақырғы ысқырықтан кейін наразы болған жанкүйерлер ойыншыларға балағат сөздер айтып, алаңға бөтелкелер мен басқа заттарды лақтыра бастады.

Сондай-ақ кадрларда алаңда жүрген жанкүйерлердің бірі допты қалай теуіп, оның "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегянға тигенін көруге болады. Осыдан кейін екі команданың ойыншылары арасында жанжал басталды.

Алаңға тәртіп сақшылары келіп, жағдайды реттеді.