Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Марсел Дорф: Дамир Исмағұловтың жекпе-жегі – қылмыс

Жекпе-жек 30 қазанда Абу-Дабидегі UFC 267 турнирінде өтеді.

Марсел Дорф: Дамир Исмағұловтың жекпе-жегі – қылмыс
фото: ашық дереккөз

Аралас жекпе-жек маманы голландиялық Марсел Дорф ресейлік қазақ Дамир Исмағұловты отандасы Магомед Мустафаевпен жекпе-жекке шығару туралы UFC шешіміне наразы екенін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 30 қазанда Абу-Дабидегі UFC 267 турнирінде өтеді.

Дамир Исмағұловтың Магомед Мустафаевқа қарсы жекпе-жегі – бұл қылмыс. Бұл салмақта рейтингін қорғау керек файтерлер аз емес. Алайда UFC өте қауіпті бәсекелестерді бір-біріне қарсы қойып отыр. Оның үстіне жеңіске жеткені топ тізімге енеді дегенге де кепіл жоқ. Исмағұлов та, Мұстафаев та бабында сияқты. Оларды өзге рейтингтік айқастарда көргіміз келеді. Бұл да тамаша жекпе-жек, бірақ, бұл олардың ілгерлеуіне ғана әсер етпейді. Екеуінің қайсысында басымдық барын айта алмаймын, екеуі де мықты. Бұл жігіттердің бірін жеңіліс біраз уақыт тоқтатып қояры өкінішті,– деп атап өтті Дорф.