Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мэнни Пакьяо Филиппин президенті сайлауына қатысады

Филиппин президентін сайлау 2022 жылдың 9 мамырында өтеді.

Мэнни Пакьяо Филиппин президенті сайлауына қатысады
фото: interesnyefakty.org

Танымал филиппиндік боксшы, бокстан бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо Филиппин президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды деп жазады Isport.ua.

Көпшілікке Мэнни Пакьяо атымен танымал боксшы әрі сенатор Эммануэль Дапидран Пакьяо 2022 жылғы президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынды. Мэнни Пакьяо "Филиппин демократиялық партиясы - Халық билігі" фракциясының (PDP-Laban) атынан президенттікке үміткер болады. Ол аты аңызға айналған футболшы Веаның жолын қуып, өз елінің өркендеуі үшін сүбелі үлесін қосуды мақсат етіп отырғанын алға тартты.

Филиппин президентін сайлау 2022 жылдың 9 мамырында өтеді.