Ол қыздың өзін қалай сезінетінін сұрап, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізген соң ойынға оралды.
Футболдан Чемпиондар Лигасындағы ойын алдында денесін қыздырып, жаттыққан ағылшындық "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду тепкен доп стюард қызға абайсызда тиіп кетті деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Суреттер португалиялықтардың әлеуметтік желісінде жарияланды.
РИА Новости анықтағандай, доп тиген қыз бірден құлаған, артынша оған медициналық көмек көрсетілді. Мұны көрген алаңдаулы футболшы алаңды тастай сала сыртқы мінберге бет алды. Ол қыздың өзін қалай сезінетінін сұрап, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізген соң ойынға оралды.