Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Әуесқой клубтардың отызға жуық ойыншысы футбол алаңында бір-бірімен жаппай төбелесті деп хабарлайды Paryz.kz.
Екі әуесқой футбол клубының матчы жаппай төбелеспен аяқталды. Салдарынан бірнеше адам басынан ауыр соққы алып, біреуі тіпті нокдаунға түсті.
Командалар арасындағы текетірестің себебі анықталып жатыр.
Футболшылардың жаппай төбелесі 11 қыркүйекте видеоға түсіп қалғанын бірқатар қазақстандық БАҚ хабарлады.
AFL (Astana Fytbol Ligasy) турнирі аясында «Сайран-аренада» өткен матчта футболшылар сөзге келіп, артынша төбелесті. Қос команданың ойыншылары бір-бірін аяусыз соққыға жыға бастады. Салдарынан қатысушылардың бірі нокдаун алып, құлады. Оның өз бетінше тұруға шамасы келмеді, әріптестері көмектесті. Басқа футболшылар да түрлі жарақат алды.
Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.