Ресейде «Цой» фильміне қатысты дау туындады

Әйгілі әнші Виктор Цойдың әкесі мен ұлы бұл фильмнің прокатқа шығуына жол бермеуді сұрап, Владимир Путинге дейін барып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресейде «Цой» фильміне қатысты дау туындады
Сурет zakon.kz сайтынан

Ресейлік режиссер Алексей Учительдің «Цой» атты фильмі үлкен дау туғызып жатыр. Фильмнің премьерасы осы күзге жоспарланған. Басыпқыда «47» деген атаумен түсіріліп жатқан фильмнің атауын режиссер енді «Цой» деп өзгертіп жіберген екен.

Фильмде Цой жол апатынан қайтыс болғаннан кейін оның денесін әйелі мен марқұмның соңғы махаббаты болған тағы бір әйел автобусқа салып, алып кетеді.

Әншінің туыстары фильмнің сценарийін тым тұрпайы санап, режиссер «біздің зияткерлік құқықтарымызды бұзып отыр» деп шағымданып жатыр.