Ресейлік блогер Илья Варламов еліміздің бас қаласы Астана туралы пікір білдірді. Алайда оның бұл сөзі Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваға ұнамай қалды, деп хабарлайды paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.
Варламовтың сөзінше, Астана өмір сүруге арналмаған.
"Астана нашар қала. Өмір сүруге өте қолайсыз. Астана қала емес. Маған ұнамайды, ешқандай жайлылық жоқ, қыдыруға да келмейді. Басында-ақ тұрғызылғанда дұрыс жоспарланбаған. Жан-жақты айтпай-ақ қояйын, бұған дейін ашып жазған болатынмын. Астанаға тек жұмыс бабымен ғана барамын", - деді ол жүргізуші сауалына.
Бас қала туралы айтылған блогердің бұл сөзі Димаштың анасына ұнамай қалған.
"Сенің пікірің керек еді бізге. Астана өте көркем, әсем қала. Ұнамаса - келме. "Асын ішіп, аяғына түкіру" дейді мұндайды", - деп жазды Света Айтбаева. Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Варламовты қолдаса, енді бірі Астананың жайлы қала екенін жарыса жазды.