Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Жамбылда жасөспірімдер қыз баланы топтасып зорлаған: атышулы іс бойынша тың мәліметтер шықты

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қыз баланы топтасып зорлаған жасөспірімдердің соты жақын арада өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Жамбылда жасөспірімдер қыз баланы топтасып зорлаған: атышулы іс бойынша тың мәліметтер шықты
Фото: istockphoto.com

«Жәбірленуші мен жасөспірімдер бір бірін таниды. Оқиға жазда бір ауылда болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары толықтай аяқталды деуге болады, іс материалдары сотқа жолданды. Балалар куәлік берген, мойындап отыр. Жақында сот болады, соттың шешімін күтеміз», - деді Насымжан Оспанова.

Оның айтуынша, оқиға сабақтан тыс уақытта болған, бұдан мұғалімдердің хабары болмаған. Қыздың зорланғаны туралы анасы анықтап, полицияға хабарлаған.

«Жәбірленушіге психолог берілген. Қазір мектепке барып жүр, оған жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр», - деді ол. 

Еске салсақ, Жамбыл облысының полициясы қыз баланы топтасып зорлады деген күдікпен кәмелетке толмаған үш адамды ұстаған еді. 

«Аталмыш фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанға қатысты бір топ адам жасаған зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында үш жасөспірім күдікті анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын, ал үшіншісіне жеке кепілдікті таңдады», - деп мәлімдеген полиция.