Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақмола облысында 39 жастағы ер адам жасөспірімді соққыға жыққан

Ақмола облысында жасөспірімге дене жарақатын салған күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Paryz.kz, Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақмола облысында 39 жастағы ер адам жасөспірімді соққыға жыққан

18 тамызда аурухананың қабылдау бөлмесіне жарақаты бар жасөспірім жеткізілген. Бұл туралы Көкшетау полициясына жедел жәрдем станциясы фельдшерінен хабар түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жасөспірімге дене жарақатын салған күдіктіні анықтады.

 

Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бұл оқиғаның себебі жанжал екені анықталды. Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта ер адам УҰИ-ға қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 16 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енген өзгерістер мен толықтырулар заңды күшіне енді. Өзгерістер әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейтеді, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген, сондай-ақ қасақана ауырлығы орташа және денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілген.