Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Аудандық партия басшысы балаға жыныстық зорлық көрсету фактісімен істі болды

Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 


Аудандық партия басшысы балаға жыныстық зорлық көрсету фактісімен істі болды
Фото: Gov.kz

Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растады. Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Ақсу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберіндегі басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды”, – делінген хабарламада. 

Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

"Аманат" партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-басшысы 2024 жылдың 1 тамызында өз еркімен қызметінен кетті”, – делінген хабарламада.