Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шахматшы Бибісара Асаубаева кешірім сұрап, жанжалға нүкте қойды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда болған жағдайға қатысты тағы да пікір білдіріп, мәселеге нүкте қойғандай болды, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шахматшы Бибісара Асаубаева кешірім сұрап, жанжалға нүкте қойды
Фото: stan.kz

Шахматшы Instagram-парақшасында жазба жариялады. 

"Кеше қатты ашуланып кеткен шығармын (сол үшін түрлі хейт алдым). Бұл бәріне сабақ болсын. Шахматшы алдағы қадамдарын алдын ала жоспарап отыруы керек, ол ең алдымен, өмірде қажет дүние, себебі қателессең оңбай таяқ жеуің мүмкін. Егер қателескен тұсым болса оны мойындауға дайынмын", - дейді ол. 

Асаубаева Нью-Делиде болған жайт енді қайталанбаса екен деген үмітте екенін айтады. 

"Ұйымдастыру, ұйқы, көз жас, жанжал, толассыз уәделер мен құр  үміт беру болмаса екен. Жай ғана ойнап, рекорд орнатып, елімізді танытып, жақындарыңды қуантқың келеді. Осы жерге сол үшін келдік. Ондай мүмкіндігіміз болады деп үміттенемін. Қасиетті Рамазан айында жамандық ойламаған дұрыс. Ренжіткен адамдарым болса кешірім сұраймын. Ондай мақсатым болған жоқ", - дейді Бибісара.