Новак Джокович US Open турнирінен қуылды

АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде сербиялық теннисші сызыққа қарап тұратын төреші әйелді доппен ұрып, жарыстан шеттетілді, деп хабарлады eurosport.ru.

Новак  Джокович US Open турнирінен қуылды
сурет sportmail.ru сайтынан

Пабло Карреноға қарсы матч өткізген Джовович бірінші сетте есеп 5:5 боп тұрған кезде   өзінің доп беру кезегін ұтылып қалып, допты корттың қабырғасына қарай ұрған. Бірақ добы төреші әйелдің желкесіне тура тиген.  

Осы оқиғадан кейін Джокович турнирден шеттетіліп, келесі турға Каррено өтті.

Еске сала кетейік, 2004 жылдан бері бұл турнирде 7 адам ғана жеңіске жеткен. Олар: Джокович, Федерер, Надаль, Дель Потро, Маррей, Вавринка, Чилич.