Жезқазғандағы "ҚМ Транко" аутсорсинг компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты

ЕҰлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында ереуілге шыққан "ҚМ Транко" жұмысшылары басшылықтарына бірқатар талаптар қойған деп хабарлайды Рaryz.kz.

Жезқазғандағы "ҚМ Транко" аутсорсинг компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты
Orda.kz

Ереуілшілердің қойған талаптары мынадай: "ҚМ Транко" аутсорсинг компаниясын"Қазақмыс" ЖШС құрамына қосу, әр 6 ай сайын еңбекақыны көтеру, жыл сайынға еңбек демалысын 30 күнге ұзарту, іс сапарға шыққанда тәуліктік төлем мен іссапарға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту, күнтізбедегі Теміржолшылар күнінде кәсіпорынның барлық қызметкерлері мен жұмысшыларына сыйақы төлеуді және осы ереуілге шыққандарды қудаламауды қамтамасыз етуді сұраған. 

Сондай-ақ,  "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС Басқарма басшысының орынбасары А.П.Гайдинмен кездесуді талап еткен. Бастамашыл топпен "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы С.Тембаев пен "Tranco Zhezkazgan" ЖШС басшысы Р.Хамитов кездескен. "Транко" АҚ басшылығы ереуілшілердің ұсыныстарын қарастыруда. 

Ереуілшілер болса, өз тараптарынан бүгінгі сағат 16-00-ге дейін басшылықтың қандай шешім қабылдағанын күтеді деп мәлімдеген. 

Қазіргі кездегі кәсіпорындағы жағдай тұрақты. Жезқазған қаласының әкімдігі кәсіпорын аумағында тәртіп бұзушылықтың орын алмағанын, ереуілшілерге ас-судың жеткізілетінін айтады.