Полицей қып-қызыл төбелестің бел ортасында жүр

Қарағанды облыстық полиция департаменті қаладағы төбелес арасында полиция өкілі Ермек Толысбековтың болғанын растады,-деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

Полицей қып-қызыл төбелестің бел ортасында жүр
Видеодан кадр

Шілденің 4 күні Ермек Толыбаевқа әлдебіреу автокөлікке таласқа қатысты мәселе бойынша хабарласады. Видеоға түскен екі тұлға арасындағы кикілжіңнің кезінде (Үшінші адам жұдырық жұмсайды — Ред) полиция өкілі де тұрады. Бірақ, патруль көлігі келіп, төбелескендерді полиция учаскесіне алып кеткен.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған.