19.07.2022, 18:16

ФСБ ҰҚК экс-төрағасы Шабдарбаевтың ұлын «терористтік акт» жасады деп айыптады

ашық дерек көздерінен

Ресейлік ФСБ (Федералды қауіпсіздік қызметі) ҰҚК экс-төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың ұлы Арлан Шабдарбаевты «терористтік акт» жасады деп айыптады деп жазады  Рaryz.kz   Оrda.kz  сілтеме жасап.

 

 

«ҚазМұнайГаз»(QazaqGaz – Ред.) ұлттық компаниясының жекелеген кәсіпкерлерінің арқасында еліміз халықаралық жанжалға ұласып, тіпті Ресей тарапының Қазақстанды тағы да ауыр кінәлауына негіз болады» делінген хабарламада.

Арна жариялаған құжаттарға сәйкес, Ресей ФСБ-ның Ресей Федерациясымен соғысу үшін Украина тарапына қазақстандық мұнайды сату схемасын ойлап тапқанын көруге болады. Бұл схема QazaqGaz Румыниядағы еншілес кәсіпорны Rompetrol арқылы көрсетілген. Қазір бұл құрылымды KMG International басқарады. 

 

Ресей Федерациясының арнайы қызметтерінің құжаттарында және оқиғаға қатысты менеджерлердің аты-жөнінде көрсетілген. Бұл – Жасұлан Сейдахметов, Жанғұлов және Арлан Шабдарбаев. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың ұлы Арлан Шабдарбаевтың QazaqGaz жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істегені белгілі. Қазақстан шенеуніктерге Ресей Федерациясы қылмыстық кодексінің «террорлық акт» және «қылмыстық қоғамдастық құру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресей ФСБ тергеу басқармасы бастығының орынбасары Михаил Савицкийдің қолы қойылған құжатта Шабдарбаев пен Жанғұловты қылмыстық іс ашылғаны туралы көрсетілген.

 

«Ресей ФСБ тергеу басқармасы РФ ҚІЖК 144, 145-баптарының тәртібінде азаматтар А.А. Шардарбаев пен А.А. Жанғұловтың қылмысы туралы сіздің өтінішіңізді тексерді.

2022 жылғы 08 маусымда тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылды.

Сіз қабылдаған процессуалдық шешімге тергеу органының басшысына, прокурорға немесе сотқа, Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 124 немесе 125-баптарында белгіленген тәртіппен шағымдана аласыз.

Қосымша: 2022 жылғы 8 маусымнан қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі, 4 парақта, құпия» делінген құжатта.