"Жібек жолы" босатылды. Бәлкім,ендігіде сабақ болар?

Түркия Украинадан ұрланған астық тиелген "Жібек жолы" кемесін босатып қоя берген деп жазады Рaryz.kz шетел басылымдарын шолып. 

"Жібек жолы" босатылды. Бәлкім,ендігіде сабақ болар?
ашық дерек көздерінен

 Украинада ұрланған астық тиеген кемені қоя бергені үшін, Украина СІМ Түркияның елшісін шақырды.

Уақытша басқыншылардың қолына өткен Бердянскіден тиелген украиналық астықты тиеген  "Жибек Жолы" кемесі  жүкті Түркияның Карасу портына жеткізбек болған. Украина СІМ өтініші бойынш кеме тоқтатылған. Бұған дейін, Украиналық тарап кемені тұтқындауды сұраған. Соған қарамастан,  тиелген астықты түсірместен, кеше кешкілік Түркия кемені қоя берген.

Келешекте мұндай жағдай тағы да орын алмас үшін Украина бұл істі тергеуді талап етіп отыр.