Министр жалға берілген "Жібек жолы" кемесінің қандай жағдайда кері қайтарылатынын айтты

Үкімет кулуарында Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанның "Жібек жолы" кемесін жалға алған компаниямен қандай жағдайда келісімшартты бұзатынын айтты, деп жазады Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Министр жалға берілген "Жібек жолы" кемесінің қандай жағдайда кері қайтарылатынын айтты
ашық дерек көздерінен

"Егер кеме құқықтық нормаға сай келмейтін тасымалдаумен шұғылданса, бұл келісім бұзылады және кеме кері қайтарылады", – деді Өскенбаев. 

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Украинадан астық экспортталып жатқанына қатысты пікір білдірді. 30 маусымда бірқатар басылымда қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталатыны туралы ақпарат жарияланды. 

“KTZ Express" АҚ 2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқанын түсіндірді.