Бибісара Асаубаева «отандық шахматтағы былық» туралы мәлімдеді

Шахматқа 3 млрд теңге бөлудің қажеті жоқ. Бұл ақша еліміздің басқа қажеттілігіне жұмсалсын. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева күтпеген мәлімдеме жасап, федерация басшылардың былығын әшкереледі деп жазды Рaryz.kz "Хабар 24" сілтеме жасап.

Бибісара Асаубаева «отандық шахматтағы былық» туралы мәлімдеді
ашық дерек көздерінен

  Әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында шахматтың басы-қасындағылар, оның ішінде Федерация Президенті Ғалым Құсайынов пен орынбасары Дәрмен Сәдуақасов өзін пайдаланып, миллиардттаған ақша сұрамақ болғанын алға тартады

. «Чемпиондардан "қайыршы" жасауға тырысады. Мен үшін бұл өте ұят жағдай» дейді Асаубаева.

Айта кетейік, 17 жастағы қазақ өткен жылы ересектер арасында топ жарып, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Бибісара қазір ұлттық құрамасының мүшесі және найзағайлы шахматтан әлем чемпионы.