"Чизкейк жеткізген": Елордада лифтіде дәрет сындырған қыз ұсталды

Нұр-Сұлтанда лифт ішіндегі бейне бақылау камерасына қыздың лифт ішінде дәрет сындырған сәті түсіп қалған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Чизкейк жеткізген": Елордада лифтіде дәрет сындырған қыз ұсталды
Сурет: Stan.kz

Тексеріс нәтижесінде астаналық полицейлер қызды ұстады.

Оқиға Қабанбай батыр даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Анықталғандай, жігіт құрбысымен бірге "Комфорт Де Люкс" кешеніне "испаниялық чизкейк" тапсырысын жеткізіп жүрген. Осы кезде қыз лифт ішінде дәрет сындырған. 

Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған. 

Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен қоғамдық тәртіпті бұзған қыз 10 күнге қамауға алынды.