Қоғам белсендісі: "Димаш Құдайберген -"Қытайдың құлы"

Белсенді Серікжан Біләш әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеновты Қытай қазақтар туралы жақ ашпайды ол "Қытайдың құлы" деп жазғырды, деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қоғам белсендісі: "Димаш Құдайберген -"Қытайдың құлы"

"Қытайдың сахнасында ақша тапқан біздің шыңғырбай Америкадағы қаралардың құқығын қорғайық деп шықты. Ол Қытайда сахнада шыңғырып ән айтып жүргенде, Қытайда түрмеде жарты миллион қазақ шыңғырып жатыр. Ол шыңғырып Қытайдың тонна, тонна юаньнын алып жатқанда, Қытайдың 700 мың қазағы түрмеде шыңғырып жатыр. Қандай арсыздық?! Бұдан өткен арсыздық бола ма?! Бұдан өткен намыссыздық бола ма?! Бұл ақшаның, Қытайдың құлы екенін дәлелдеу", - деді Серікжан

Біләш.Бұл туралы ол YouTube арнасындағы бейнежазбаларының бірінде айтты.