Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қысыммен қалай күресу керектігін түсіндірдім": Дана Есеева балалары туралы айтты

Қаржылық пирамида құрды деген күдікпен қамауға алынған Мейіржан Төребаевтың бес баласына жан-жақтан қысым көрсетілуде. Ғаламтордағы есепсіз ақпарат, алып-қашпа әңгімелерден құралған түрлі видеолар жеткіншектердің санасына әсер етпей қоймасы анық. Дана Есеева буллингпен қалай күресетінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қысыммен қалай күресу керектігін түсіндірдім": Дана Есеева балалары туралы айтты
Сурет: ашық дереккөз

"Әкелеріне қатысты жағдайды балаларға қалай түсіндіргенімді және оларға көрсетілетін қысыммен қалай күресетінімді көпшілік сұрайды. Оларға бар шындықты айтамын. Ойдан ештеңе құрастырмаймын. 
Үстел басына отырғызып, болып жатқан жайтты түсіндірдім. Қысым көрсететін балаларға қалай жауап беруге болатынын айттым. Ақпараттық соғыс пен хейтерлердің кім екенін түсіндірдім. Түсініксіз адамдардың біз жайлы неліктен жаман видеолар түсіретінін, олардың қандай пайда көрітінін және арандатудың не екенін айттым. 
Олар ақылды, барлығын жақсы түсінді. Бізді өлтірмейтін дүниенің бәрі күшті етеді", - деп бөлісті Есеева.

Дананың өзі мықты болуға тырысқанымен, олардың жанұясына жанашыр кейбір жандар Төребаевтың қамалғанын ауыр қабылдаған көрінеді. Блогер, тіпті сондай жандарды жұбатқысы келетінін жеткізді. 

"Қолдауларыңызға рахмет. Бірақ қатты уайымдаудың қажеті жоқ. Жекеге келген дыбыстық хабарламаларыңызды тыңдап, сіздерді құшақтағым келіп кетеді. Сағынып жүрміз, бірақ мықты болуға тырысудамыз. Адвокаттар жұмыс істеп жатыр. Мұнда көп ақпарат салып, сіздерге салмақ салғым келмейді. Арасында хабар беріп тұрамын", - деді Есеева.