Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

"Оңбайсың": Блогер Қазақстанға тіл тигізген ресейлік тележүргізушіге жауап берді

Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянның мәлімдемесі көпшіліктің ашуын туғызды. Еліміздегі орыс ұлтының өкілі, блогер Алексей Лодочников оған жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Оңбайсың": Блогер Қазақстанға тіл тигізген ресейлік тележүргізушіге жауап берді
Сурет: Caravan.kz

Бұл туралы блогер видео түсіріп өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Назар аудармай ақ қойыңдар. Осылар әрдайым қыртады да жүреді. Анау өз жерін сыйлады, мынау өз жерін сыйлады, сіздерде ештеңе болған жоқ деп, қайдан біледі осылар? Сондықтан назар аудармай ақ қойыңдар. Түрін көрдіңдер ме оның? Алғыс деп қояды, саған ба? Не үшін? Үйімнің ауласын сыпырып пе едің? Өзі қызық. Басқа ұлттың өкілі, Ресейде отыр, Қазақстанға бірдеңе деп жатыр. Сен Қазақстанға тиіспе, оңбайсың. Қазақстанды білмейсің. Осылар өлтіреді", - деді блогер.

Айта кетейік, Тигран Кеосая телебағдарламалардың бірінде Қазақстанға сөз тигізіп, саясаты мен халқына жеккөрінішпен қарайтынын жеткізді.