Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Сот Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды

Отандық вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды. Мұндай шешімді бүгін Алматы қалалық сотының судьясы шығарды деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Сот Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды
Сурет: ашық дереккөз

Прокурор 10 тәулікке қамауға алу түріндегі қабылданған бұлтартпау шарасының күшін жойып, мерзімді екі айға созу бұлтартпау шарасын санкциялауды сұрады.

Сол уақытта Төребаевтың адвокаты бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды талап етті. Оны блогердің әйелі қолдады. Ол күйеуінің ешкімнен тығылмайтынын атап өтті. Мейіржан Төребаевтың өзі салымшы ретінде қомақты қаржысын салғанын және оны әлі толық ала алмағанын жеткізді. Нәтижесінде судья ауданаралық тергеу сотының қаулысын өзгеріссіз, ал прокурор мен адвокаттың жеке шағымдарын қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Төребаев пен тағы үш адам "қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталып, қамауға алынған болатын. Кейінірек олардың 10 тәулікке тұтқындалғаны белгілі болды.

Алматы қалалық соты танымал блогер мен вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың неге әдеттегідей тергеу мерзіміне берілетін екі айға емес, 10 тәулікке қамауға алынғанын түсіндірді.